БЕЛСЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК
01
Интеллектуалды басқару: ESP мен ABS тежегіштерді электронды басқару жүйесімен бірлесе отырып, тіпті күрделі жол жағдайларында да автокөліктің орнықтылығын сақтауға көмектеседі. Маневр жасау кезіндегі көмек: EBA жүйесі тежеу арақашықтығын қысқартады, ал Hill-Hold Control еңісте кері сырғудың алдын алады. Жайлылық пен қауіпсіздік: EPS электрлік руль күшейткіші дәл басқаруды қамтамасыз етеді, ал TPMS шиналардағы қысымды нақты уақыт режимінде бақылап отырады.
ПАССИВТІ ҚАУІПСІЗДІК
02
Автокөліктің қаңқасы 64%-ға жоғары беріктігі бар болаттан жасалған, бұл жолаушыларды қорғауды және құрылымның беріктігін қамтамасыз етеді. Руль бағанының құрылымы бетпе-бет соқтығыс кезінде соққы энергиясын жұтады және екінші реттік жарақат алу қаупін азайтады. Қауіпсіздік жиынтығы жүргізуші мен жолаушыларды қорғауға арналған алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықшаларын қамтиды. Барлық орындықтар шұғыл тоқтаған кезде сенімді бекіту үшін үш нүктелі қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған.
СЕРВИСТІК КЕПІЛДІК
03
BAIC X35 автокөлігін сатып ала отырып, сіз заманауи седан ғана емес, сонымен бірге өндірушінің сенімді қолдауына да ие боласыз. Ресми кепілдік кайсысы бұрын келетініне байланысты 5 жылға немесе 150 000 км жүріске созылады. Ұзақ кепілдік мерзімі құрастырудың жоғары сапасы мен автокөліктің сенімділігін растайды, бұл иесіне пайдалануда сенімділік сыйлайды және ықтимал қызмет көрсету шығындарын азайтады.